Шымкенттіктер қайырымдылық жасауда өте белсенді

Шымкенттіктер қайырымдылық жасауда өте белсенді

2021 жылғы 10 ақпан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Мемлекет Басшысы Қ.К.Тоқаевтың бастамасымен «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы басталған болатын. Аталған жоба ел тұрғындарын ізгілікке, мейірімділікке үндеп, қайырымды істер жасауға шақырады. Ақпараттық-коммуникациялық орталығында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласында атқарылған жұмыстар бойынша өткен баспасөз брифингінде Шымкент қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің меңгерушісі Зәуре Оралбаева «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында өткізілген іс-шаралар жөнінде баяндады.

 – Шымкенттіктер қай кезде де қайырымдылық жасаудан, бір-біріне мейірімділік, ізгілік танытуда белсенді. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бастамасымен «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы жариялана салып, шымкенттік кәсіпкерлер демеушілік жасауға өздерінің елеулі үлесін қосты. Мәселен, Әл-Фараби ауданындағы Әлімбетов көшесі №45в үй ауласы мен Текесу тұрғын алабында пайдалануға берілген 4 спорт алаңшасы жеке кәсіпкер Серік Тульбасовтың жеке қоры демеушілігі есебінен салынды. Аталған қордың көмегімен биыл тағы 7 спорт алаңшасы пайдалануға берілмек. Бұдан бөлек, меценат Бауыржан Мырзатаевтың демеушілігімен Хызыр мұнарасының аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Жалпы, Шымкентте тек жоба үшін емес, өңіріміздің жеке азаматтары науқас балаларға, балалар үйлері мен жалғызілікті аналарға, тұрмысы төмен отбасыларына қолдау көрсетіп, қол ұшын беріп жүрген, онысын жария етуден аулақ азамат көп. Оларға да алғысымыз шексіз, – деді З.Оралбаева.

Оған қоса, Шымкент қаласы әкімдігі мен қала мешіттерінің ұйымдастыруымен «Рамазан – қайырымдылық айы» акциясы аясында күніне 1000-ға жуық әлеуметтік жағдайы төмен отбасыға азық-түлік себеттері таратылды. «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында өрттен зардап шеккен Риддер қаласы Лесхоз кентінің тұрғындарына гуманитарлық жүк тиелген 3 көлік жіберілді. Оған азаматтық ұйымдар, волонтерлық қозғалыстар, этномәдени бірлестіктер, кәсіпкерлер, мәслихат депутаттары және жастар ұйымдары жұмылдырылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...