Онлайн конференция өтті

Онлайн конференция өтті

Жергілікті атқарушы органдардың бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсын және үздік еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлерін айқындауға бағытталған "Еңбек жолы" конкурсын ұйымдастыру бойынша атқарылған жұмыстарды талқылау мақсатында онлайн конференция өтті, деп хабарлайды No-comment.kz «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігіне сілтеме жасап.

Онлайн конференцияға кәсіподақтар тарапынан "Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы" аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев қатысты.

Айта кетейік, Парыз конкурсына Шымкент қаласы бойынша 13 мекеме үміткер болып тіркелген, оның ішінде Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын номинациясы бойынша 10 мекеме, Әлеуметтік жауапты кәсіпорын номинациясына бір мекеме, Үздік ұжымдық шарт номинациясы бойынша екі мекеме және Экологияға қосқан үлесі номинациясына бір мекеме құжат тапсырған.

Кәсіподағы бар екі мекеме Үздік ұжымдық шарт номинациясына "Петро Қазақстан Ойл Продактс" ЖШС және "Су ресурстары маркетинг" ЖШС, сонымен бірге Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын номинациясына үміткер болып тіркелген. Қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Голосование на выборах депутатов Курултая Республики Казахстан прошло организованно, спокойно и открыто. По информации, поступившей из регионов...

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауындағы дауыс беру ұйымдасқан, тыныш әрі ашық жағдайда өтті. Ел өңірлерінен келіп түскен...

KontrolerINFO басылымның Бас редакторы Анджей Казимерский (Польша) Құрылтай депутаттарының сайлауы барысына қатысты өз пікірін білдірді, деп...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадаларында жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға ие болған оқушылармен және студенттермен...