Қауіпсіз еңбек – ортақ міндет!

Қауіпсіз еңбек – ортақ міндет!

"Қазақстан Темір жолы" Акционерлік қоғамы Шымкент жол бөлімшесінің Шымкент стансасы кәсіподақ мүшелеріне «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев және Шымкент қаласы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов бірігіп еңбек қауіпсіздігі бойынша семинар өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігіне сілтеме жасап.

Семинарда еңбек қатынастарын реттеу, ұжымдық және еңбек шарттарын жасасу, еңбек қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, өндірістік жазатайым оқиғалардың алдын алу, жалақы қарыздарын болдырмау, дауларды шешу, медиация жұмыстарын жүргізу, кәсіподақ ұйымдарын ашу жөніндегі мәселелер қозғалды.

Айта кетейік, Шымкент қаласында 400 мыңға жуық еңбекке қабілетті адам бар, оның 225 мыңы тұрақты еңбек шартымен жұмыс істейді. Былтыр 800 ғана жұмыс беруші орында кәсіподақ құрылған болса, биылғы санақ бойынша 1410 жұмыс беруші орында кәсіподақ құрылған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында жалпыхалықтық талқылау нәтижесінде түскен ұсыныстар, сондай-ақ жаңа...

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Айгүл Сәдуақасова жаңа...

В ходе девятого заседания Комиссии по конституционной реформе директор Института философии, политологии и религиоведения Айгуль Садвакасова...

Ауа-райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 96 адамды, оның ішінде 9...