Түңгі рейд өткізілді

Түңгі рейд өткізілді

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының "Жастар ресурстық орталығы" коммуналды мемлекеттік мекемесінің Қаратау мен Әл-Фараби ауданы мамандарының ұйымдастыруымен түнгі сағат 22:00 ден 02:00-ге дейін Қаратау ауданында орналасқан көшелер мен саябақтарда және ойынханаларда кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шара өтті, деп хабарлайды No-comment.kz

Іс-шараның мақсаты: Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәмелеттік жасқа толмаған жастардың түңгі сағат 23:00-ден кейін заңды өкілдерінсіз көшеде немесе ойын сауық орталықтарында жүруін анықтау және келеңсіз жағдайлардың алдын – алу болып табылады.

Іс-шара нәтижесінде Қазақстан Республикасы ӘКБтК-ның 442-бап, 2-бөлімі (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын- жайдан тыс жерлерде болуы) бойынша 4 жасөспірімге әкімшілік хаттама толтырылып, 12 жасқа түсініктеме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар жастар мен жасөспірімдерге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің жаңа баптары 127-бап ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларға тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауы, 441-бап жекелеген қоғамдық орында темекі шегуге тиым салу, 442-бап кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын жайдан тыс жерде болуға тыйым салынатындығын ескертті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

«Әділет» партиясында «Жаңа мәдениет және ұлттың қалыптасуы» тақырыбында стратегиялық сессия өтті. Ғылым, білім беру, креативті индустрия, экология...

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысында Қазақстан Үкіметі мен халықаралық іскер топтар...

Үкімет қаулысымен резервтен Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласындағы жылу магистралінің құрылысын аяқтауға шамамен 650 млн теңге бөлінді....