Еңбекші ауданында 56 үйдің ауласы жаңарады

Еңбекші ауданында 56 үйдің ауласы жаңарады

Шымкент қаласы Еңбекші ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында биыл тұрғындардың ұсынысымен 56 көпқабатты үйдің ауласы абаттандырылады, деп хабарлайды No-comment.

Аудан әкімі Досбол Есілбек «Халық қатысатын бюджет» жобасын кеңінен түсіндіру үшін «Теріскей» шағын ауданындағы №59,67,68 көпқабатты үйлердің тұрғындарымен кездесті. Үйлердің ауласында атқарылатын абаттандыру жұмыстарымен таныстырып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Айта кетсек, халық қатысатын бюджет азаматтардың жергілікті бюджет қаражатының бір бөлігін бөлу мен жұмсауға қатысуына мүмкіндік беретін жоба. Яғни, бір азамат ұсынып, тұрғындардың көпшілігі қолдау білдірген жобалар жергілікті бюджеттен қаржыландырылады. Осылайша азаматтар өздері тұратын аумақтарды дамыту мен абаттандыруға қатысады. Жобаны жүзеге асыру үшін Шымкент қаласында арнайы іс-шара жоспары бекітіліп, ол төрт ауданның әкімдіктері арқылы орындалуда. Осы мақсатта арнайы www.open-shymkent.kz интернет ресурсы әзірленді. Одан бөлек, қала әкімі М.Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес аудан аумағында бұқаралық спортты дамыту, жастарды спортқа баулу мақсатында осы жылы 16 ашық спорт алаңшалары салынатын болады

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында жалпыхалықтық талқылау нәтижесінде түскен ұсыныстар, сондай-ақ жаңа...

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Айгүл Сәдуақасова жаңа...

В ходе девятого заседания Комиссии по конституционной реформе директор Института философии, политологии и религиоведения Айгуль Садвакасова...

Ауа-райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 96 адамды, оның ішінде 9...