Арнайы кеуде белгісімен марапатталды

Арнайы кеуде белгісімен марапатталды

Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасының екінші дәрежелі кітапханашысы "Қаpақстанның құрметті кітапханашысы" төсбелгісінің иегері Елекеева Құндызай ҚР Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшысының бұйрығымен "ҰЛТТЫҚ ҰЛАН ҚЫЗМЕТІНІҢ ҮЗДІГІ" кеуде белгісімен марапатталды, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ұлттық ұлан мерекелік іс-шаралар мен мәдени кештерді үнемі кітапханамен бірлесе атқарып, тығыз байланыс орнатқандықтан кітапханашыға осындай құрмет білдірді.

Құндызай Елекеева 11 жылдан бері кітапханада жұмыс жасайды. Осы уақыт аралығында түрлі мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға ат салысқан.

Жалпы Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасы - әмбебап профильді кітапхана болып табылады. Кітапхана 1978 жылдың тамыз айынан бері ел игілігі үшін қызмет атқарып келеді. Кітапхана 14 пен 29 жас аралығындағы жасөспірімдерге, олардың тәрбиесімен айналысатын басқа да оқырмандар категорияларына қызмет көрсететін ірі мәдени-ағарту, білім беру, ақпараттық орталық болып табылады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында жалпыхалықтық талқылау нәтижесінде түскен ұсыныстар, сондай-ақ жаңа...

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Айгүл Сәдуақасова жаңа...

В ходе девятого заседания Комиссии по конституционной реформе директор Института философии, политологии и религиоведения Айгуль Садвакасова...

Ауа-райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 96 адамды, оның ішінде 9...