Мемлекет басшысы Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовпен кездесті

Мемлекет басшысы Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президентіне ілтипат білдіре отырып, оның бірінші «Орталық Азия – Италия» саммитіне қатысуы мемлекетаралық көпқырлы қарым-қатынастарды одан әрі ілгерілету тұрғысынан маңызды екенін атап өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

– Екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытуға баса мән береміз. Экономикалық байланыстарда нақты нәтижелерге қол жеткіземіз деп есептеймін. Басқа да салалар бойынша, әсіресе, мәдени-гуманитарлық бағытта ықпалдастық қарқынды дамып келеді. Күн тәртібіндегі жобаларды жүзеге асыруға қос тарап та күш жұмылдыратынын ескерсек, өзара тиімді қарым-қатынастың келешегі зор, – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің пікірінше, қазір Астана мен Ашхабад арасындағы ынтымақтастық өркендеп, көптеген негізгі салаларда оң динамика байқалады.

Сердар Бердімұхамедов Қасым-Жомарт Тоқаевқа қонақжайлық танытқаны және «Орталық Азия – Италия» саммитін табысты өткізгені үшін алғыс айтты.

– Орталық Азия елдері мен Италия жоғары деңгейдегі осындай форматта тұңғыш рет келіссөз жүргізіп отыр. Саммит қорытындысы мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал ететініне сенімдімін, – деді Түрікменстан Президенті.

Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовке ыстық ықыласын жолдап, оның жауапты қызметіне толағай табыс тіледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Сегодня на территории музея имени Кажымукана Мунайтпасова, расположенного в населенном пункте Кажымукан Ордабасинского района, прошла экологическая...

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында көлік-логистика саласын дамытуға, транзиттік әлеуетті арттыруға және жол инфрақұрылымын жаңғыртуға...

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында сумен жабдықтау, энергетика және коммуналдық инфрақұрылым...