«SHYMKENT CITY» аумағындағы, «SHYMKENT GREEN CITY» тұрғын үй кешенінің құрылысымен танысты

«SHYMKENT CITY» аумағындағы, «SHYMKENT GREEN CITY» тұрғын үй кешенінің құрылысымен танысты

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Берік Айдарбекұлы Бекжанов Қаратау ауданының «Shymkent Сity» аумағында салынып жатқан 4-орамда кеңсе орын-жайлары мен жерасты паркингі бар, тоғыз қабатты үш тұрғын үйден тұратын 364 бөлмелі «SHYMKENT GREEN CITY» тұрғын үй кешенінің құрылыс барысымен танысты деп хабарлайды  Nur Otan партиясының Шымкент қалалық филиалына  сілтеме жасаған No-comment.kz.

Тұрғын үй кешеніне жер учаскесін Шымкент Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы берді. Құрылысты «Элит Строй Company» ЖШС жүргізіп жатыр. Құрылыс жұмыстары 2019 жылы маусым айында басталып, 2021 жылдың аяғында аяқталу жоспарланған.

Жергілікті билік тарапынан құрылыс жұмыстарына 5 миллиард теңгеге жуық қаражат қарастырылған. Қаржының 80 пайызын Шымкент Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы, 20 пайызын серіктес мекеме «Элит Строй Company» ЖШС қаржысы құрайды.

Тұрғын үй кешені тұрғындарының ыңғайлылығын қамтамасыз ету мақсатында үлкен жерасты автотұрағы (паркинг) салынған, есіктің алдында тек қана балалар ойнайтын алаңшалармен воркаут, шағын саябақ салынады. Құрылыс қарқынды жүргізілуде.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында алдағы жылыту маусымына дайындық барысы қаралды. Онда энергетика министрі...

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және 2027–2029 жылдарға арналған...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті ақын, қоғам қайраткері, ерекше дарын иесі ретінде халық құрметіне бөленген Марфуға Ғалиқызын 90 жасқа толған...