Мәслихат депутаттарының кезекті қабылдауы

Мәслихат депутаттарының кезекті қабылдауы

Қалалық мәслихат депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Сұлтанова Төреайым Жолдыбайқызы мен Анарбеков Нұрпейіс Жапарұлы азаматтарды жеке мәселелері бойынша карантин талаптарына сәйкес онлайн режимінде қабылдау өткізді, деп хабарлайды  Nur Otan партиясының Шымкент қалалық филиалына  сілтеме жасаған No-comment.kz.

Қабылдауға жазылған азаматтардың өтініштері : әлеуметтік және материалдық көмек; тұрғын үй мәселесі; COVID-19 ауруына жүргізіліп жатқан шаралар.

Мәселен: Көпбалалы ана, Роза Лесбекқызының мәселесіне байланысты тұрғын үй тек кезекпен берілетіні жайлы ал әлеуметтік көмек бойынша арнайы тізімге алынып, заң аясында түсіндірілді.

Мейрамкуль Женисовна әлеуметтік көмекпен қоса су, жарық, қоғамдық көлік мәселесі бойынша хабарласы. Азаматшаға толыққанды түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жауапты мекемеге жолданатыны туралы жауап берілді.

Ковид-19 пандемиясына байланысты қандай шара қолданылып жатқанын, №11 емхана қызметкеріне байланысты шағымын тындады.

Осы мәселелер бойынша азаматшаға заң жүзінде түсіндірме жүргізілді. №11 емханасының бас дәрігерімен хабарласып, азаматшаның мәселесі бойынша толыққанды жұмыс жасалып, мәселесі оң шешілді.

Әлеуметтік көмек сұрап хабарласқан көпбалалы отбасылар, көмекке мұқтаж отбасылар тізіміне енгізілетін болды. Оларды азық-түлік себеттерімен қамтамасыз ететін болып, тұрғындардың мәселелері оң шешімін тапты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

«Әділет» партиясында «Жаңа мәдениет және ұлттың қалыптасуы» тақырыбында стратегиялық сессия өтті. Ғылым, білім беру, креативті индустрия, экология...

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысында Қазақстан Үкіметі мен халықаралық іскер топтар...

Үкімет қаулысымен резервтен Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласындағы жылу магистралінің құрылысын аяқтауға шамамен 650 млн теңге бөлінді....