Жол жалғасының құрылысы жіті бақылауда

Жол жалғасының құрылысы жіті бақылауда

Мәжіліс депутаты, “Nur Otan” фракциясының мүшесі Берік Бекжанов Шымкенттегі Қонаев даңғылы жалғасының құрылыс алаңында болып, жұмыс барысымен танысты, деп хабарлайды  Nur Otan партиясының Шымкент қалалық филиалына  сілтеме жасаған No-comment.kz

Қаладағы ең ірі құрылыс нысанында болған халық қалаулысымен бірге Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Наргиза Керімбаева, Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары Алдияр Мұсабаевта барды.

Аталған нысан бойынша құрылыстың бірінші, екінші кезеңі аяқталған.

Қазіргі таңда құрылыстың үшінші кезеңі қарқын алған. Жол құрылыс жұмыстары 2019 жылы басталған. Мердігер компания «Корпорация Сити-Строй» мекемесіне магистрал жол болатын нысанды 2021 жылдың соңына дейін аяқтау міндеті тапсырылған. Нысанның жалпы ұзындығы 1 714 метрді құрайды.

Стратегиялық маңызы бар Қонаев даңғылы жалғасының құрылысы «Nur Otan» партиясының жіті бақылауында.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Эколог күні қарсаңында, 2026 жылғы 1 маусымда Қазақстанға Чехия Республикасынан кертағының (Пржевальский жылқыларының) кезекті тобы жеткізілді. Бұл...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Қытай Халық Республикасының Гонконг Арнайы әкімшілік ауданының Басшысы Джон Лимен кездесу...

«Развитие города должно быть комплексным, соответствовать передовым международным строительным нормам и правилам. В целом, цель концепции Alatau...