Түркістанда қолөнершілер қалашығы салынып жатыр

Түркістанда қолөнершілер қалашығы салынып жатыр

Түркістан қаласының мәдени-рухани орталығында қолөнершілер шеберханасы бар теңдессіз туристік кешен салынып жатыр, деп хабарлайды No-comment.kz - Түркістан облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Онда ұлттық нақыштағы бірегей қолөнер бұйымдарын даярлайтын, жоғары сапалы қолөнер бұйымдарының технологиясын оқытатын ірі қолөнер шеберханасы бой көтермек.

Мақсат – туристерді тарту, кәсіпкерлікті дамыту ғана емес, мәдениет пен мұраны сақтап қалу.

Қолөнершілер қалашығында жалпы аумағы – 9 мың шаршы метрге жуық.

Жаңа қалашықта сонымен қатар қонақүйлер мен ас үйлер салынып, көрме немесе Showroom орналасады.

Түркістанда қолөнершілердің әлеуеті зор. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан шаһардың орталығында орналасатын жаңа қалашықтың жобасы ерекше.

Алдағы уақытта өңірде қолөнершілерге қолдау көрсету арқылы жұмыс орындарын ашу, туризмді дамыту көзделіп отыр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Сегодня на территории музея имени Кажымукана Мунайтпасова, расположенного в населенном пункте Кажымукан Ордабасинского района, прошла экологическая...

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында көлік-логистика саласын дамытуға, транзиттік әлеуетті арттыруға және жол инфрақұрылымын жаңғыртуға...

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында сумен жабдықтау, энергетика және коммуналдық инфрақұрылым...