Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

Президент Qazaqstan Barysy Grand Slam дзюдодан халықаралық рейтинг турниріне барды, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Турнирді Мемлекет басшысымен бірге Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визер, Олимпиада чемпионы Елдос Сметов тамашалады. 

Биыл бұл бәсекеге әлемнің 46 елінен үздік шыққан 358 спортшы қатысуда. 

Қазақстандық дзюдошылар арасынан Ғұсман Қырғызбаев (-66 келі) пен Талғат Орынбасар (-60 келі) күміс, ал Мағжан Шамшадин (-60 келі), Аман Бақытжан (-60 келі), Есет Қуанов (-73 келі) және Абылайхан Жұбаназар (-81 келі) қола жүлде жеңіп алды. 

Еске сала кетейік, Астанада осымен Grand Slam әлемдік сериясының жарыстары үшінші мәрте өтіп жатыр. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Сегодня на территории музея имени Кажымукана Мунайтпасова, расположенного в населенном пункте Кажымукан Ордабасинского района, прошла экологическая...

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында көлік-логистика саласын дамытуға, транзиттік әлеуетті арттыруға және жол инфрақұрылымын жаңғыртуға...

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында сумен жабдықтау, энергетика және коммуналдық инфрақұрылым...