2025 жылдың соңына дейін 130-дан аса гидротехникалық нысан көпфакторлы тексерістен өтеді

2025 жылдың соңына дейін 130-дан аса гидротехникалық нысан көпфакторлы тексерістен өтеді

Су ресурстары және ирригация министрлігі 134 гидротехникалық құрылысты көпфакторлы тексеруден өткізіп жатыр. Жалпы алғанда 2028 жылдың соңына дейін 557 нысанда тексеріс жүргізіледі, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.

Көпфакторлы тексеріс нысанның және ондағы жабдықтардың техникалық жағдайын, сондай-ақ қажет болатын жөндеу жұмыстарының көлемі мен түрлерін анықтауға мүмкіндік береді.

Былтыр министрлік еліміздің 14 облысындағы 84 нысанда көпфакторлы тексеру жұмыстарын жүргізген болатын. Бұл бастапқыда жоспарланғаннан көп.

«Жаңа Су кодексіне сәйкес, гидротехникалық нысандардың иелері әр бес жыл сайын өздеріне тиесілі құрылыстарға көпфакторлы тексеру жүргізуге міндетті. Тексеріс нәтижесінде қауіпсіздік декларациясы жасалып, ол бассейндік су инспекциясында тіркелуі қажет», – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Сегодня на территории музея имени Кажымукана Мунайтпасова, расположенного в населенном пункте Кажымукан Ордабасинского района, прошла экологическая...

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында көлік-логистика саласын дамытуға, транзиттік әлеуетті арттыруға және жол инфрақұрылымын жаңғыртуға...

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында сумен жабдықтау, энергетика және коммуналдық инфрақұрылым...