Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында Жеңістің 80 жылдығына арналған апталық өтті

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында Жеңістің 80 жылдығына арналған апталық өтті

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармонияда Жеңістің 80 жылдығына орай арнайы тақырыптық апталық ұйымдастырылды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

2 мамыр күні Бақытжан Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласының «Жеңіс күні» атты концерті өтті. Көркемдік жетекшісі және бас дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бейімбет Демеуов. Кеш барысында хор капелласы соғыс жылдарындағы танымал әндерді орындады.

6 мамырда Н.Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің «Ұлы той» атты концерті өтті. Концертте оркестр сүйемелдеуінде халықаралық байқаулардың лауреаттары қазақ композиторларының шығармаларын әсерлі орындап шықты.

Апталық 8 мамыр күні ҚР Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрінің «Жеңіс күні» атты концертімен қорытындыланды. Оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Қанат Ахметов, сондай-ақ ҚР еңбек сіңірген қайраткері Александр Беляков та дирижерлік етті. Концерттік бағдарлама Николай Самохваловтың «9 МАМЫР» атты салтанатты фанфарасымен ашылды. Одан кейін оркестр соғыс жылдарындағы танымал туындыларды орындады. Атап айтқанда, Матвей Блантердің «Катюша», Александра Пахмутованың «Поклонимся великим тем годам» шығармалары және қазақ композиторларының «Жеңіс күні», «Ана туралы баллада», «Сүйген сәулем» атты әндері орындалды.

Апталық барысында филармония залы көрерменге лық толып, жұртшылық әскери әндер арқылы тарих беттерін өнерпаздармен бірге еске алды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Сегодня на территории музея имени Кажымукана Мунайтпасова, расположенного в населенном пункте Кажымукан Ордабасинского района, прошла экологическая...

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында көлік-логистика саласын дамытуға, транзиттік әлеуетті арттыруға және жол инфрақұрылымын жаңғыртуға...

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында сумен жабдықтау, энергетика және коммуналдық инфрақұрылым...