Елімізде республикалық маңызға ие тасжолдарды жаңарту бойынша ауқымды жұмыстар жалғасып жатыр

Елімізде республикалық маңызға ие тасжолдарды жаңарту бойынша ауқымды жұмыстар жалғасып жатыр

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасына сәйкес елімізде жол инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатыр. Биыл шамамен 7 мың шақырым жол орташа және күрделі жөндеу бойынша жұмыстармен қамтылмақ, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
Өткен жылы басталған жөндеу жұмыстары республикалық маңызы бар басты көлік дәліздерінде жалғасып жатыр. Олардың қатарында «Жезқазған – Петропавл», «Қарағанды – Аягөз – Бұғаз», «Қандыағаш – Шалқар – Ырғыз», «Сарыөзек – Көктал» тасжолдары бар. Биыл жолшылар жаңа учаскелерді жаңартуға кірісті, олардың ішінде «Қарабұтак – Рудный – Қостанай» және «Атырау – Орал» бағыттары да қамтылмақ.
Көлік ағыны жоғары бағыттарға ерекше мән беріліп отыр. Алматы облысында өңірдің маңызды көлік күре жолдарының бірі – Құлжа тасжолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында «Семей – Өскемен» тасжолының 73 шақырымдық бөлігінде жөндеу жалғасады. Бұл учаскеде жол жамылғысы жаңартылып, су өткізгіш құбырлар да жөнделетін болады.
Өткен жылы «Жезқазған – Петропавл» тасжолының 590 шақырымында жөндеу жұмыстары басталып, биыл тағы 119 шақырымда жалғасын табуда. Сондай-ақ былтыр «Мамлютка – Қостанай» бағытындағы 161 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары басталған болатын. Биыл бұл жұмыстар тағы 74 шақырым жолда жүргізіліп жатыр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Сегодня на территории музея имени Кажымукана Мунайтпасова, расположенного в населенном пункте Кажымукан Ордабасинского района, прошла экологическая...

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында көлік-логистика саласын дамытуға, транзиттік әлеуетті арттыруға және жол инфрақұрылымын жаңғыртуға...

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында сумен жабдықтау, энергетика және коммуналдық инфрақұрылым...