Мемлекет басшысы Сербия Президенті Александр Вучичпен келіссөз жүргізді

Мемлекет басшысы Сербия Президенті Александр Вучичпен келіссөз жүргізді

Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр қараша айында Белградқа жасаған ресми сапарын ықыласпен еске алып, оның екі ел достығын нығайтудағы және сан қырлы ынтымақтастықты дамытудағы маңызына тоқталды. Сапар аясында сауда және инвестиция, өнеркәсіп, энергетика, құрылыс, ауыл шаруашылығы, көлік, цифрландыру, жасанды интеллект, сондай-ақ әскери қорғаныс өнеркәсібі салаларына қатысты келісімдерге қол қойылған болатын, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Александр Вучич Сербияның Қазақстанмен стратегиялық серіктестік аясын одан әрі кеңейтуге мүдделі екенін мәлімдеді.

Мемлекеттер басшылары бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруға қос тарап та бейіл екенін растап, екіжақты және көпжақты күн тәртібіндегі мәселелерді Сербия Президентінің биыл Астанаға жоспарланған сапары кезінде талқылауға келісті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қырғызстан, Бішкек қаласы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекте өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми ашылуын тамашалады, деп хабарлайды ...

Көптеген шағын кәсіпорын өз қызметін жалға алынған ғимаратта жүргізеді. Дүкен, сұлулық салоны, кеңсе, оқу орталығы немесе қоғамдық тамақтану орны...