Ұлттық банк Жеңіс күніне орай айналымға коллекциялық монеталарды шығарады

Ұлттық банк Жеңіс күніне орай айналымға коллекциялық монеталарды шығарады

«ҰЛЫ ЖЕҢІС. 80 ЖЫЛ монеталарында Отан қорғаушылардың ерлігі мен жанқиярлық рухына деген терең құрметтің белгісі бар. Бұл монеталар Ұлы Жеңіс туралы тарихи оқиғаны мәңгі есте сақтап, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында шығарылып отыр. Монеталар атаулы датаға арналған мәдени әрі тарихи мұраны сақтау жолындағы ұмтылысты паш етеді», – деп атап өтті Ұлттық банк.

Монеталарда ерлікпен қаза тапқан қаһармандарды еске түсіретін мәңгілік алау көрініс тапқан. «80» санындағы ою-өрнек жеңіс лентасын бейнелейді және ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы элементтерімен үндесетін стильде орындалған.

Номиналы 1000 теңгелік монеталар алтын жалатылған, салмағы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм 925 сынамалы күмістен түрлі-түсті баспа технологиясын қолдана отырып жасалған. Дайындау сапасы - proof. Таралымы – 2 мың дана.

Номиналы 200 теңгелік монеталар салмағы 7,5 грамм, диаметрі 26 мм нибрасс/нейзильбер (биколорлы) қорытпаларынан жасалған. Дайындау сапасы – uncirculated. Таралымы – 10 млн дана.

Номиналы 200 теңгелік биколорлы монеталар Қазақстан аумағында кәдімгі монеталармен қатар еркін айналысқа арналған.

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында олардың нақты құны бойынша барлық төлем түрлерi бойынша, сондай-ақ банктiк шоттарға аудару үшiн және елдiң барлық банктерiнде аудару, ұсақтау және айырбастау үшiн қабылдануға мiндеттi.

Монеталар Қазақстан монета сарайында жасалған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Сегодня на территории музея имени Кажымукана Мунайтпасова, расположенного в населенном пункте Кажымукан Ордабасинского района, прошла экологическая...

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында көлік-логистика саласын дамытуға, транзиттік әлеуетті арттыруға және жол инфрақұрылымын жаңғыртуға...

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында сумен жабдықтау, энергетика және коммуналдық инфрақұрылым...