Күн тәртібінде: Салалық компаниялармен ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша

Күн тәртібінде: Салалық компаниялармен ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде министрі Ж.Х. Мәдиевтің төрағалығымен ақпараттық қауіпсіздік саласындағы салалық компаниялармен және мүдделі мемлекеттік органдармен кездесу өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне сілтеме жасап.

Талқылаудың басты тақырыбы Қазақстандағы ақпараттық қауіпсіздік операциялық орталықтарының ағымдағы жағдайы және өз кезегінде салалық компанияларға отандық шешімдерді шетелдік нарыққа экспорттауға, сондай-ақ киберқауіпсіздіктің экожүйесін нығайтуға көмектесетін киберкластер құру мақсатында лицензиялық талаптарды қатаңдату болды.

Киберқауіпсіздік саласындағы салалық компанияларды қолдау тетіктерін пысықтауға ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, салалық компаниялар тарапынан ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар

Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 25 қыркүйектегі

№ 658 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділ Қазақстан: заң және тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауының жалпыұлттық жоспарының 40-тармағының іс-шараларын орындау шеңберінде талданатын және көзделетін болатындығы айтылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Сегодня на территории музея имени Кажымукана Мунайтпасова, расположенного в населенном пункте Кажымукан Ордабасинского района, прошла экологическая...

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында көлік-логистика саласын дамытуға, транзиттік әлеуетті арттыруға және жол инфрақұрылымын жаңғыртуға...

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында сумен жабдықтау, энергетика және коммуналдық инфрақұрылым...