Таза Қазақстан: Еңбекші ауданында сенбілік өтті

Таза Қазақстан: Еңбекші ауданында сенбілік өтті

Шымкент қаласының Еңбекші ауданында "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылып, сәтті өткізілді. Ақпаратқа сәйкес, Цементшілер, Орманшы шағынаудандары мен Қазығұрт, Қаратөбе, Жұлдыз аумақтарында тазалық жұмыстарын жүргізуге тұрғындар, аппарат қызметкерлері, "Еңбекші" КММ, "Группа Интеко" ЖШС және әлеуметтік нысандар белсене атсалысты.

Сенбілік барысында ағаштар мен жасыл-желектер қырқылып, шөптер оралып, аумақтар әктеліп, қоқыстар тазаланды. Қоғамдық еңбекке бірігіп қатысушылар ауданның көркеюіне, экологияның жақсаруына үлкен үлес қосып, таза әрі әдемі орта қалыптастыруға қадам жасады.

Бұл игі іс-шара тұрғындардың экологиялық сана-сезімін арттырып, қаланың көркеюіне зор әсерін тигізді. Таза әрі жасыл орта қалыптастыруда әрбір азаматтың белсенді қатысуы маңызды!

Еңбекші ауданында осындай сенбіліктер жалғасын табатыны сөзсіз, таза Шымкент үшін!

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

– Есепсіз немесе көзге көрінбейтін дүниені басқару қиын. Сондықтан Үкімет көп созбай, ведомстволар деңгейіндегі жағдайға базалық есеп жүргізетін...

Мемлекет басшысы жиында сөйлеген сөзінде әлем технологиялық трансформацияның мүлдем жаңа кезеңіне қадам басқанына назар аударды. Президенттің...