Сақтық шаралары пысықталды

Сақтық шаралары пысықталды

Шымкент қаласы - қазіргі таңда елдегі эпидемиологиялық ахуал көрсеткіші бойынша қызыл аймақта.

Осыған орай, ауданда құрылған мобильді топ тұрақты түрде бақылау жұмыстарын жүргізуде.

Бүгін мобильді топпен бірге қоғамдық тамақтану орындарында, фаст фуд сауда орындары мен азық-түліктік емес дүкендеріне түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Бұл туралы Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек әлеуметтік парақшасында жазба қалдырған, деп хабарлайды «no-comment» ақпараттық агенттігі.

Еңбекші ауданының әкімі:  рейдтік шара барысында тұрғындарды барынша сақтық шараларын сақтауға шақырып, жеке меншік кәсіпорын иелеріне “Ashyq” мобильді қосымшасын орнату бойынша кеңес берілді.

Барша қала тұрғындарын тәртіпке бағынып, карантин талаптарын қатаң ұстануға шақырамыз!

Өз жақындарыңызға жанашыр болыңыздар!

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында алдағы жылыту маусымына дайындық барысы қаралды. Онда энергетика министрі...

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және 2027–2029 жылдарға арналған...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті ақын, қоғам қайраткері, ерекше дарын иесі ретінде халық құрметіне бөленген Марфуға Ғалиқызын 90 жасқа толған...