Шардарада патриоттық кездесу өтті

Шардарада патриоттық кездесу өтті

Бүгін Шардара қаласында «Ұранды ердің - ұрпағы қайсар» атты шара өтті. Жиында ауған соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлері жастармен кездесті. Патриоттық шараға қаладағы №16 колледж студенттері қатысты. Басқосу - облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен қолға алынған.

Кездесуге келген ҰОС ардагеріне теңестірілген, ауған соғысының ардагері Б.Сүйінов патриоттық рухты қалыптастыру жөнінде өз пікірін білдірді. Ардагер 1987 жылы №45585 әскери бөлімінде Ауған Демократиялық Республикасында борышын атқарған. Іс-шара соңында соғыс ардагерлеріне түрлі сұрақтар қойылып, тағылымды әңгіме айтылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

– Есепсіз немесе көзге көрінбейтін дүниені басқару қиын. Сондықтан Үкімет көп созбай, ведомстволар деңгейіндегі жағдайға базалық есеп жүргізетін...

Мемлекет басшысы жиында сөйлеген сөзінде әлем технологиялық трансформацияның мүлдем жаңа кезеңіне қадам басқанына назар аударды. Президенттің...