“Таза Қазақстан” акциясы аясында Асар шағынауданында сенбілік өтті

“Таза Қазақстан” акциясы аясында Асар шағынауданында сенбілік өтті

Бүгін Абай ауданы, Асар шағынауданына ерекше серпін берген жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды.

Бұл игі шараға мекеме қызметкерлері, коммуналдық сала мамандары, аудан тұрғындары мен белсенділер белсене атсалысып, туған өлкеміздің тазалығы үшін жұмыла еңбек етті.

Сенбілік аясында:

-аумақ қоқыстан тазартылып,

-шөптер шабылды,

-арық жағалары мен жол жиектері күл-қоқыстан аршылды.

Бұл тек бір күндік жұмыс емес — бұл елге, табиғатқа, келер ұрпаққа деген жауапкершіліктің көрінісі.

“Таза Қазақстан” – әр азаматтың ортақ міндеті мен үлесі. Көрікті қала, таза орта – өз қолымызда!

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

– Есепсіз немесе көзге көрінбейтін дүниені басқару қиын. Сондықтан Үкімет көп созбай, ведомстволар деңгейіндегі жағдайға базалық есеп жүргізетін...

Мемлекет басшысы жиында сөйлеген сөзінде әлем технологиялық трансформацияның мүлдем жаңа кезеңіне қадам басқанына назар аударды. Президенттің...