Қазақстанда Жеңіс күніне орай «Ерлікке тағзым» республикалық акциясы өтуде

Қазақстанда Жеңіс күніне орай «Ерлікке тағзым» республикалық акциясы өтуде

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Қазақстанда «Ерлікке тағзым» республикалық апталығы басталды. Бұл акцияның мақсаты – батырлардың ерлігін еске алу, тарихқа тағзым ету және жастарды отаншылдыққа баулу, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Игі бастама аясында ел бойынша жалпы 86 іс-шара жоспарланған. Онда 10 мыңға жуық волонтер мен үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысады. Волонтерлер ескерткіш аймақтарын абаттандырып, монументтерді қалпына келтіріп, ескерткіш маңын тазалауда. Сонымен қатар ардагерлерге де көмек көрсетіп жатыр.

Іс-шаралар еліміздің түрлі өңірлерінде, атап айтсақ Абай, Ақмола, Қостанай және Атырау облыстарында өтіп жатыр.

«Ерлікке тағзым» апталығы — ардагерлердің ерлігін ұлықтап, жастарды отансүйгіштікке баулуға арналған маңызды бастама. Бұл бастама өткен мен болашақтың арасындағы байланысты нығайтып, қоғамда ортақ құндылықтар қалыптастырады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

– Есепсіз немесе көзге көрінбейтін дүниені басқару қиын. Сондықтан Үкімет көп созбай, ведомстволар деңгейіндегі жағдайға базалық есеп жүргізетін...

Мемлекет басшысы жиында сөйлеген сөзінде әлем технологиялық трансформацияның мүлдем жаңа кезеңіне қадам басқанына назар аударды. Президенттің...