Қазақстан Президенті мен Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Turkistan визит орталығына барды

Қазақстан Президенті мен Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Turkistan визит орталығына барды

Түркістан қаласы

Меймандарға көне «Күлтөбе» қалашығының тарихи келбетін сақтау және абаттандыру жобасы туралы мәлімет берілді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов тарихи ескерткішті музейге айналдыру барысымен танысты. Қалашықтың 27 гектар аумағында археологиялық қазба жұмыстары аяқталған.

Сонымен қатар таяуда ашылатын «Қолөнершілер қалашығының» тұжырымдамасы таныстырылды. Оның ішінде шеберханалар, ұлттық тағам түрлерін ұсынатын орындар, «Шығыс базары» және шағын қонақ үйлер орналаспақ.

Осы орайда биыл 25 наурызда Түркістанға World Craft Council халықаралық ұйымының шешімімен «Қолөнершілер қаласы» деген мәртебе берілгенін атап өткен жөн.

Бұдан бөлек, визит орталықта Қазақстан Президенті мен Түрікменстанның Ұлт көшбасшысы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі бірегей тарихи жәдігерлермен танысты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

– Есепсіз немесе көзге көрінбейтін дүниені басқару қиын. Сондықтан Үкімет көп созбай, ведомстволар деңгейіндегі жағдайға базалық есеп жүргізетін...

Мемлекет басшысы жиында сөйлеген сөзінде әлем технологиялық трансформацияның мүлдем жаңа кезеңіне қадам басқанына назар аударды. Президенттің...