Жауапты ата-ана – қауіпсіз бала

Жауапты ата-ана – қауіпсіз бала

Бала қауіпсіздігі – әрқашан басты назарда. Олардың өмірі мен денсаулығын қорғау – ата-ананың тікелей міндеті.

Осы мақсатта Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, балалардың жоғары қабаттан құлауын алдын алу мәселесіне ерекше көңіл бөлді.

Іс-шара Қаратау және Абай аудандарындағы көпқабатты тұрғын үйлерде өткізілді.
ТЖД мамандары үйлерді аралап, ата-аналарға терезе маңында баланы қараусыз қалдырудың қауіптілігі туралы айтып, қауіпсіздік ережелерін түсіндірді. Сонымен қатар, тұрғындарға балалардың қауіпсіздігіне арналған жаднама парақшалары таратылды.

Әсіресе көпбалалы отбасыларға ерекше назар аударылды. Осындай отбасылардың пәтерлерінің бірінде терезе бекіткіштері орнатылып, мамандар балалардың өмірін сақтау үшін қандай қарапайым, бірақ маңызды қадамдар жасау керектігін түсіндірді.

ТЖД мамандары ата-аналарға мынадай кеңестер береді:
• Терезелерге арнайы бекіткіш орнату және терезе торларының қорғаныш болмайтынын назардан тыс қалдырмау
• Балаларды қараусыз қалдырмау
• Терезе маңында орындық, үстел сияқты жиһаздарды қоймау
• Балалармен терезе мен балкон маңындағы қауіптер туралы сөйлесу

Құрметті ата-ана Балалардың қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамаңыздар! Бұл үлкен қайғылы жағдайдың алдын-алуға мүмкіндік береді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

– Есепсіз немесе көзге көрінбейтін дүниені басқару қиын. Сондықтан Үкімет көп созбай, ведомстволар деңгейіндегі жағдайға базалық есеп жүргізетін...

Мемлекет басшысы жиында сөйлеген сөзінде әлем технологиялық трансформацияның мүлдем жаңа кезеңіне қадам басқанына назар аударды. Президенттің...