Мемлекет басшысына Маңғыстау облысындағы инвестициялық жобалар таныстырылды

Мемлекет басшысына Маңғыстау облысындағы инвестициялық жобалар таныстырылды

Ақтау қаласы

Өңірдегі ірі инвестициялық жобалар қатарында Ақтау қаласындағы қуаты 160 МВт болатын бу-газ қондырғысының құрылысы, мультимодальды логистикалық-авиациялық хаб, кеме құрастыру верфі, бекіре балығын өсіру және уылдырық өндіру шаруашылығы, «Бозжыра» визит орталығын салу, сондай-ақ аммиак-карбамид кешенін іске қосу секілді елеулі жобалар бар, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа былтыр аймақ экономикасына 1,1 миллиард доллар көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тартылғаны жөнінде мәлімет берілді. Құны 36 миллиард теңге болатын 15 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 530 тұрақты жұмыс орны ашылған. 5,7 триллион теңгеге 55 әлеуетті инвестициялық жобаның пулы жасақталды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

– Есепсіз немесе көзге көрінбейтін дүниені басқару қиын. Сондықтан Үкімет көп созбай, ведомстволар деңгейіндегі жағдайға базалық есеп жүргізетін...

Мемлекет басшысы жиында сөйлеген сөзінде әлем технологиялық трансформацияның мүлдем жаңа кезеңіне қадам басқанына назар аударды. Президенттің...