Қарағанды облысының құтқарушылары жаңа техника алды

Қарағанды облысының құтқарушылары жаңа техника алды

Қарағанды облысында өрт сөндіру қызметі жаңа 17 арнайы техникамен толықты. Көліктер барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталып, облыстың түрлі аудандарына таратылды. Техника облыстық бюджет есебінен, азаматтық қорғау жүйесін дамыту тұжырымдамасы аясында сатып алынды.

Салтанатты шараға облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев пен ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов қатысты. Әкім соңғы жылдары қаржыландыру екі жарым есеге өсіп, ондаған техника сатып алынғанын айтты. Өрт сөндіру бөлімшелерінің саны артып келеді.

Министр қызметкерлерді техниканы ұқыпты пайдалануға шақырып, жаңа көліктер төтенше жағдайлармен күресте үлкен көмек болатынын атап өтті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

– Есепсіз немесе көзге көрінбейтін дүниені басқару қиын. Сондықтан Үкімет көп созбай, ведомстволар деңгейіндегі жағдайға базалық есеп жүргізетін...

Мемлекет басшысы жиында сөйлеген сөзінде әлем технологиялық трансформацияның мүлдем жаңа кезеңіне қадам басқанына назар аударды. Президенттің...