Үкіметте энергетикалық жобаларды іске асыру барысы қаралды

Үкіметте энергетикалық жобаларды іске асыру барысы қаралды

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша Үкімет жүргізіп жатқан жұмыс шеңберінде Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «QazaqGaz» ҰК» АҚ, «Самұрық-Энерго» және «KEGOC» АҚ бірінші басшыларының қатысуымен кеңес өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Жиынға қатысушылар Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында ЖЭО-ның, Қашаған кен орны мен Жаңаөзен қаласындағы газ өңдеу зауыттарының, «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистралды газ құбырының құрылысы сияқты стратегиялық жобалардың ағымдағы мәртебесі туралы баяндады.

Кеңес барысында тиісті тапсырмалар берілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

– Есепсіз немесе көзге көрінбейтін дүниені басқару қиын. Сондықтан Үкімет көп созбай, ведомстволар деңгейіндегі жағдайға базалық есеп жүргізетін...

Мемлекет басшысы жиында сөйлеген сөзінде әлем технологиялық трансформацияның мүлдем жаңа кезеңіне қадам басқанына назар аударды. Президенттің...