Мемлекет басшысы Chevron корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Майкл Уиртті қабылдады

Мемлекет басшысы Chevron корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Майкл Уиртті қабылдады

Кездесу барысында Қазақстан Президенті мен америкалық Chevron энергетикалық корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы стратегиялық әріптестіктің қазіргі ахуалы мен перспективасын талқылады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Chevron компаниясымен серіктестік еліміздегі энергетика саласын тұрақты дамытуда негізгі рөл атқаратынын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Майкл Уиртті «Теңіз» кен орнын кеңейту жобасының табысты аяқталуымен құттықтады.

Кездесуде ірі инвестициялық жобаларға, соның ішінде газ және мұнай химиясы өндірісіне ерекше назар аударылды.

Президент отандық компаниялардың мұнай-газ секторындағы үлесін арттырудың өзектілігін атап өтіп, Chevron компаниясымен өзара тиімді әрі ұзақ мерзімді ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екеніне тоқталды.

Майкл Уирт Қазақстан компанияның стратегиялық әрі сенімді серіктесі болып қала беретінін жеткізді. Сондай-ақ «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорны 1993 жылдан 2024 жылға дейін елімізге айтарлықтай инвестиция салғанын айтты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

– Есепсіз немесе көзге көрінбейтін дүниені басқару қиын. Сондықтан Үкімет көп созбай, ведомстволар деңгейіндегі жағдайға базалық есеп жүргізетін...

Мемлекет басшысы жиында сөйлеген сөзінде әлем технологиялық трансформацияның мүлдем жаңа кезеңіне қадам басқанына назар аударды. Президенттің...