Алматыда өткен халықаралық конференцияда музыкалық түркологияның дамуы мен болашағы мәселелері талқыланды

Алматыда өткен халықаралық конференцияда музыкалық түркологияның дамуы мен болашағы мәселелері талқыланды

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «Бүгінгі музыкалық түркология: мәселелері мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Аталмыш іс-шара 1994 жылы Алматыда өткен «Түркі халықтарының музыкасы» атты алғашқы халықаралық симпозиумның 30 жылдығына орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

1994 жылғы симпозиум музыкалық түркологияны жеке ғылыми бағыт ретінде қалыптастыруына және жаңа зерттеуші буын шығаруға зор ықпал етті. 2025 жылғы конференция осы дәстүрді жалғастырып, оған Қазақстаннан, түркі мемлекеттерінен, сондай-ақ Ресей, Германия, Жапония, АҚШ, Польша және Словакиядан келген жетекші мамандар жиналды.

Конференция Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының қолдауымен ұйымдастырылды.

Конференция аясында пленарлық отырыстар, тақырыптық секциялар, «Түркітілдес елдердің ұлттық музыкалық аспаптары» атты халықаралық ғылыми басылымның тұсаукесері, шеберлік сабақтары мен танымал музыканттардың қатысуымен «Түркі әлемінің дәстүрлі және заманауи музыкасы» атты концерт өтті.

Сондай-ақ конференция аясында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы базасында Түркі музыкалық мәдениеті мен мұрасы орталығының салтанатты ашылуы рәсімі өтті. Бұл орталық Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының қолдауымен құрылып, оған Болат Қарақұловтың есімі берілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

– Есепсіз немесе көзге көрінбейтін дүниені басқару қиын. Сондықтан Үкімет көп созбай, ведомстволар деңгейіндегі жағдайға базалық есеп жүргізетін...

Мемлекет басшысы жиында сөйлеген сөзінде әлем технологиялық трансформацияның мүлдем жаңа кезеңіне қадам басқанына назар аударды. Президенттің...