Қасым-Жомарт Тоқаев №2 Оқушылар сарайын аралап көрді

Қасым-Жомарт Тоқаев №2 Оқушылар сарайын аралап көрді

Шымкент қаласы

Мемлекет басшысы Шымкентке жұмыс сапары барысында №2 Оқушылар сарайын аралап көрді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Заманауи қосымша білім беру орталығында мультимедиялық сыныптар, зертханалар, шығармашылық студиялары, коворкинг аумақтары қарастырылған. Мұнда ерекше қажеттілігі бар балалар да емін-еркін білім алады. Нысан Президенттің 2022 жылы қалаға келген кезінде берген тапсырмасына сәйкес салынып, пайдалануға берілген.

Бүгінде Оқушылар сарайында 5 мыңға жуық бала алты бағыт бойынша 65 үйірмеге қатысады. Білім беру бағдарламасы жан-жақты дамыған, жаңаша ойлайтын әрі шығармашылық қабілеті зор тұлға қалыптастыруға бағытталған.

Мемлекет басшысы орталықпен танысып шыққан соң оқушылармен әңгімелесті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстанның 2026 жылға арналған экономикалық күн тәртібі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті...