Шаруаларға 74 мың тонна арзандатылған дизель отыны жөнелтілді

Шаруаларға 74 мың тонна арзандатылған дизель отыны жөнелтілді
Еліміздің Энергетика министрлігі биылғы егіс науқанына 401 мың тонна арзандатылған дизель отынын бөлді. Дизель отынын тиеп-жөнелту бойынша мұнай өңдеу зауыттарына облыстарды бекіту кестесі және бағасы айқындалды. Операторлардың шығындарын ескере отырып, шаруалар үшін түпкілікті баға литріне 254 теңгені құрайды, бұл нарықтан 15%-ға арзан. Қазір нарықтық баға литріне 295 теңгені құрап отыр. ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүрековтың ОКҚ брифингінде мәлімдегендей, кестеге сәйкес ақпан-сәуір айларына дизель отынын жөнелту жоспарына сәйкес 94 мың тоннаға шарттар жасалды және төленді, 74 мың тоннасы шаруаларға жөнелтілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

– Есепсіз немесе көзге көрінбейтін дүниені басқару қиын. Сондықтан Үкімет көп созбай, ведомстволар деңгейіндегі жағдайға базалық есеп жүргізетін...

Мемлекет басшысы жиында сөйлеген сөзінде әлем технологиялық трансформацияның мүлдем жаңа кезеңіне қадам басқанына назар аударды. Президенттің...