Хабарландыру

Хабарландыру

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) «Anti-Corruption Excellence Award» Халықаралық сыйлығына Қазақстаннан үміткерлердің жедел қатысуын қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізуде.

Бұл сыйлық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үздік жетістіктерді мойындау және ілгерілету мақсатында шейх Тамим бен Хамад Әл-Тани атынан тағайындалған.

Үміткер ретінде жеке тұлғалар мен ұйымдар ұсыныла алады. Оларды мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдар, ғылыми-зерттеу орталықтары немесе халықаралық ұйымдар ұсына алады.

Өзін-өзі ұсынуға жол берілмейді – үміткерлер тек номинатор тарапынан ұсынылуы тиіс.

Өтінімдер тек ресми онлайн-платформа (www.aceaward.com) арқылы қабылданады.

Номинаторлар үміткердің жетістіктері туралы толық ақпаратты және растайтын құжаттарды ұсынуы қажет.

Барлық ұсынылған кандидатуралар құпия түрде қаралады.

Өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 30 қыркүйекке дейін жалғасады.

Шейх Тамим бен Хамад Әл-Тани атындағы Anti-Corruption Excellence Award сыйлығы төрт негізгі номинация бойынша беріледі:

  • Академиялық зерттеулер мен білім беру - сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеулер мен оқытуға қосқан елеулі үлесі үшін.
  • Журналистика және БАҚ - сыбайлас жемқорлық қылмыстарын терең зерттеп, жария еткен үздік журналистік жұмыстар үшін.
  • Жеке жетістіктер - маңызды сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалар көтерген азаматтарға.
  • Инновациялық әдістер мен технологиялар - сыбайлас жемқорлықпен күреске арналған жаңа құралдар мен шешімдерді әзірлегені үшін.

Барлық үміткерлер келесі критерийлер бойынша бағаланады:

  • Әсері - үміткердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске нақты және елеулі ықпал етуі.
  • Инновациялығы - жаңа әдістер мен тәсілдерді қолдануы.
  • Тұрақтылығы - жұмысының ұзақ мерзімді нәтижеге бағытталуы.
  • Масштабталуы - ұсынылған идеялар мен әдістердің басқа елдер мен өңірлерде қолданылу мүмкіндігі.
  • Этикалық және объективтілігі - үміткер қызметінің жоғары этикалық стандарттарға сәйкестігі.

Жеңімпаздар 2025 жылғы желтоқсанда өтетін салтанатты рәсімде марапатталып, арнайы жүлде мен мүсіншеге ие болады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

– Есепсіз немесе көзге көрінбейтін дүниені басқару қиын. Сондықтан Үкімет көп созбай, ведомстволар деңгейіндегі жағдайға базалық есеп жүргізетін...

Мемлекет басшысы жиында сөйлеген сөзінде әлем технологиялық трансформацияның мүлдем жаңа кезеңіне қадам басқанына назар аударды. Президенттің...