Жастар практикасы: Шымкенттік жастарды жұмысқа шақырамыз

Жастар практикасы: Шымкенттік жастарды жұмысқа шақырамыз

Жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламалары жұмыссыз тұрғындарға жаңа мүмкіндіктер береді. «Жастар практикасы» бағдарламасы 35 жасқа дейінгі  жас мамандарды мамандығы бойынша алғашқы тәжірибе жинап, болашақта тұрақты жұмыс табуына көмектеседі.

Шымкент қаласында қазір «Жастар практикасы» бағдарламасымен  642 мекемеде 2 181 бос орын бар.

Тәжірибе ұзақтығы: 12 айға дейін

Айлық төлем: 30 АЕК (117 960  теңге) мемлекет есебінен

Еңбек өтілі есептеледі

Тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігі.

Жастар практикасына 35  жасқа дейінгі, соңғы үш жыл ішінде оқуын аяқтаған түлектер қатыса алады. Шымкент қаласының Еңбек мобильділігі орталығы түлектерді мамандығы бойынша түрлі мекемелер мен кәсіпорындарға жолдайды.

Қалай қатысуға болады?

Өтінімді Enbek.kz порталы немесе өзіңіз тіркелген мекен жай бойынша аудандық мансап орталықтары арқылы беруге болады.

Аудандық мансап орталықтарының мекенжайы:

– Абай ауданы – Арғынбеков 243/3

– Еңбекші ауданы – Астана ш/а 106

– Әл-Фараби ауданы – Байтұрсынов 201

– Қаратау ауданы – Бәйтереков 89

– Тұран ауданы – Қазыбек би 50.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

– Есепсіз немесе көзге көрінбейтін дүниені басқару қиын. Сондықтан Үкімет көп созбай, ведомстволар деңгейіндегі жағдайға базалық есеп жүргізетін...

Мемлекет басшысы жиында сөйлеген сөзінде әлем технологиялық трансформацияның мүлдем жаңа кезеңіне қадам басқанына назар аударды. Президенттің...