Түркістандық спортшы жүзуден халықаралық турнирде 3 алтын медаль алды

Түркістандық спортшы жүзуден халықаралық турнирде 3 алтын медаль алды

Болгария елінің Пловдив қаласында жүзуден «Bulgarian Open» халықаралық турнирі мәресіне жетті. Су айдынындағы жарыста түркістандық Софья Сподаренко үш бірдей алтын медальға қол жеткізді, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі

Дүбірлі додада сынға түскен түркістандық ару еркін стильде 50 метр қашықтықта, сондай-ақ, баттерфлай стилінде 50 метр және 100 метрге жүзуден жеңімпаз атанып, ұлттық құрама қоржынын 3 алтынмен толықтырды. Осылайша ол Сингапур мемлекетінде өтетін 22-Әлем чемпионатына жолдама алды. Әлемдік дода биыл 27 шілде мен 3 тамыз аралығына жоспарланған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

– Есепсіз немесе көзге көрінбейтін дүниені басқару қиын. Сондықтан Үкімет көп созбай, ведомстволар деңгейіндегі жағдайға базалық есеп жүргізетін...

Мемлекет басшысы жиында сөйлеген сөзінде әлем технологиялық трансформацияның мүлдем жаңа кезеңіне қадам басқанына назар аударды. Президенттің...