Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен кездесті

Өзбекстан, Самарқанд қаласы

Кездесуде экономиканың түрлі секторындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Былтыр Қазақстан Үкіметі мен Еуропалық қайта құру және даму банкі 25 жобаны қаржыландыру туралы келісімге қол жеткізді. Бұл жобаларға тартылған инвестиция көлемі 935 миллион долларды құрады.

Одиль Рено-Бассо Қасым-Жомарт Тоқаевқа «жасыл экономика» бағдарламаларын жүзеге асыру барысы туралы мәлімдеді. Бұл бастамаға ЕҚДБ 2 миллиард еуро инвестиция құюды жоспарлап отыр.

Мемлекет басшысы қазақстандық банк секторының өркендеуіне қолдау көрсеткені үшін ЕҚДБ президентіне алғыс айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Одиль Рено-Бассо қаржы саласындағы жаһандық үрдістер жөнінде пікір алмасты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

– Есепсіз немесе көзге көрінбейтін дүниені басқару қиын. Сондықтан Үкімет көп созбай, ведомстволар деңгейіндегі жағдайға базалық есеп жүргізетін...

Мемлекет басшысы жиында сөйлеген сөзінде әлем технологиялық трансформацияның мүлдем жаңа кезеңіне қадам басқанына назар аударды. Президенттің...