Қанат Бозымбаев Әмірліктердің AMEA Power компаниясымен жаңартылатын энергия көздері саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Қанат Бозымбаев Әмірліктердің AMEA Power компаниясымен жаңартылатын энергия көздері саласындағы ынтымақтастықты талқылады

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев AMEA Power компаниясының төрағасы Хуссейн Аль-Нувайс мырзамен келіссөздер жүргізді. Тараптар жаңартылатын энергия көздерін дамыту және Қазақстанға инвестиция тарту мүмкіндіктерін талқылады, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

AMEA Power – Таяу Шығыс, Африка және Азия елдерінде белсенді жұмыс істейтін жаңартылатын энергия көздері саласындағы жетекші халықаралық компаниялардың бірі. Компания Қазақстанды күн және жел энергетикасы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру үшін стратегиялық нарық ретінде қарастырады.

Бұған дейін AMEA Power делегациясы Алматы облысына барып, өңірдің әлеуетін бағалады. Үкіметтегі кездесу барысында компанияның инвестициялық жобаларға, оның ішінде елдің басқа да өңірлерінде қатысуға мүдделілігі талқыланды.

Қанат Бозымбаев халықаралық тәжірибенің және инновациялық шешімдердің Қазақстанның «жасыл» энергетикаға көшуіндегі маңыздылығын атап өтті.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдіріп, бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша өзара іс-қимыл бағытын айқындады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

– Есепсіз немесе көзге көрінбейтін дүниені басқару қиын. Сондықтан Үкімет көп созбай, ведомстволар деңгейіндегі жағдайға базалық есеп жүргізетін...

Мемлекет басшысы жиында сөйлеген сөзінде әлем технологиялық трансформацияның мүлдем жаңа кезеңіне қадам басқанына назар аударды. Президенттің...