Үкіметте білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу мәселелері талқыланды

Үкіметте білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу мәселелері талқыланды

Үкіметте ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаевтың төрағалығымен Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде білім беру жүйесін цифрландыру және жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын интеграциялау мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Кеңес барысында мемлекеттік білім беру стандарттарын жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Барлық білім деңгейінде – бастауыштан бастап жоғары білімге дейін жасанды интеллектке қатысты тақырыптарды оқу бағдарламаларына енгізу қажеттілігі талқыланды.

Ермек Көшербаев білім беру жүйесіне заманауи технологияларды енгізу – саланы жаңғырту мен оқыту сапасын арттыру жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті.

«Жасанды интеллектіні қолдану оқушылар мен оқытушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Біздің басты міндетіміз – осы технологияларды оқу үдерісіне тиімді әрі қауіпсіз түрде енгізуге жағдай жасау. Бұл үшін сапалы цифрлық инфрақұрылым мен сенімді деректерді қорғау жүйесі қажет. Біз өзімізден бір саты жоғары тұратын білімді, техникалық жағынан сауатты және болашақтың сын-қатерлеріне дайын ұрпақ тәрбиелеуіміз керек», — деп атап өтті вице-премьер.

Ол, сондай-ақ жаңа технологияларды үйрену ешқашан кеш емес екенін айтты. Жасанды интеллект кез келген жастағы адам үшін қолжетімді құралға айналып, олардың кәсіби дамуы мен біліктілігін арттыруға көмектесе алады.

Кеңес барысында цифрлық трансформация жағдайында кадрлар даярлау мәселесіне ерекше назар аударылды. 2024 жылы Қазақстанда Ұлттық жасанды интеллект платформасы (ҰЖИП) іске қосылып, оған 8 мыңнан астам қатысушы тіркелді. Осы платформа аясында мемлекеттік органдардың, бағынысты ұйымдардың және төрт жоғары оқу орнының қызметкерлеріне онлайн оқыту ұйымдастырылып, оған 915 адам қатысты.

ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова жасанды интеллектті білім беру саласына енгізу ғылыми қызмет пен білікті мамандар даярлауда жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.

«Жасанды интеллект білім беру ортасының ажырамас бөлігіне айналып келеді. Ол тек оқыту процесін жекелендіріп қана қоймай, ғылымдағы зерттеу тәсілдерін дамытуға да ықпал етеді. Студенттер дайын шешімдерді ғана пайдаланып қоймай, бұл технологиялардың жұмыс істеу қағидаларын түсініп, оларды түрлі салаларда бейімдеп, қолдана білуі маңызды», — деді Динара Щеглова.

Кеңес қорытындысы бойынша ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев тиісті мемлекеттік органдарға білім беру жүйесіне жасанды интеллект технологияларын интеграциялау бойынша белсенді жұмысты жалғастыруды, бұл үдерісте жетекші сарапшыларды тартуды және халықаралық тәжірибені зерттеуді тапсырды.

Білім беру жүйесін цифрландыру және жасанды интеллекті енгізу – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Бұл бастамаларды іске асыру заманауи білім беру ортасын дамытуға, жоғары білікті мамандар даярлауға және Қазақстанның цифрлық технологиялар мен инновациялар саласындағы позициясын нығайтуға бағытталған кешенді бағдарламалар мен стратегиялық міндеттер аясында жүзеге асырылады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында инфрақұрылымдық дамуда маңызы зор...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған маңызды жоба – Орал теміржол...

Содан кейін Президент ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі еуропалық серіктестерге...

В Шымкенте усилена работа по пресечению незаконной рекламы кальянной продукции в социальных сетях и на интернет-ресурсах.В соответствии со статьёй...