Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Алматы тау шаңғысы кластерімен танысты

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Алматы тау шаңғысы кластерімен танысты

Алматы қаласы

Қазақстан мен Өзбекстан президенттеріне Алматы тау шаңғысы кластерін дамыту жоспары баяндалды, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекеттер басшыларына қала әкімі Ерболат Досаев Іле Алатауының асқаралы шыңдарын көрсетіп, Кіші Алматы шатқалындағы «Медеу» селден қорғау бөгетін салу тарихы жөнінде айтты.

Сонымен қатар президенттерге шетелдік және жергілікті альпинистер мен туристер арасында танымал бағыттар таныстырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев қала әкімінің еліміздегі ең ірі «Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты жөніндегі есебін тыңдады. Қазіргі кезде мұнда 5 аспалы жол жұмыс істеп тұр. Ал шаңғы тебуге арналған трассаның жалпы ұзындығы 25 шақырымды құрайды. Былтыр Шымбұлаққа 1,4 миллион адам келген.

Мемлекеттер басшылары Алматының туристік әлеуетіне жоғары баға берді. Олардың пікірінше, әсем табиғат аясында орналасқан және дамыған инфрақұрылымы, сапалы жолы бар тау шаңғысы курорты – Орталық Азиядағы қысқы және жазғы демалысқа лайық ең тартымды орындардың бірі.

Президенттерге Алматы тау кластерін одан әрі дамыту перспективасы туралы мәлімет берілді. Атап айтқанда, «Шымбұлақтың» қазіргі тау шаңғысы трассасын 56 шақырымға дейін ұзарту және жаңадан 65 шақырым инфрақұрылым салу жоспарланып отыр. Бұл Алматы маңайында туристік әлеуетімізді барынша танытатын әлемдік деңгейдегі біртұтас ірі кластер құруға мүмкіндік береді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

– Есепсіз немесе көзге көрінбейтін дүниені басқару қиын. Сондықтан Үкімет көп созбай, ведомстволар деңгейіндегі жағдайға базалық есеп жүргізетін...

Мемлекет басшысы жиында сөйлеген сөзінде әлем технологиялық трансформацияның мүлдем жаңа кезеңіне қадам басқанына назар аударды. Президенттің...