Есірткіге қарсы күрес: студенттерге ақпараттық кездесу өтті

Есірткіге қарсы күрес: студенттерге ақпараттық кездесу өтті

Бүгін Қарағанды облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Н.Б. Садвакасовпен бірлесіп Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің студенттері үшін «Есірткі құралдарының жаңа түрлері, жастар ортасындағы нашақорлық мәселесі» тақырыбында кездесу өткізілді, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Кездесу соңында белсенді студенттер @upn_dp_karaganda@qaragandy_jastary фирмалық бас киімдерімен және @world.gym_fitness.club атынан фитнес-залға абонементтермен марапатталды.

Мұндай іс-шаралар жастардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға ықпал етеді және мемлекеттік құрылымдар мен білім беру мекемелері арасындағы ынтымақтастықты нығайтады. Есірткінің зияны туралы хабардар болу - болашақ ұрпақ үшін қауіпсіз және сау орта құрудың маңызды қадамы.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

– Есепсіз немесе көзге көрінбейтін дүниені басқару қиын. Сондықтан Үкімет көп созбай, ведомстволар деңгейіндегі жағдайға базалық есеп жүргізетін...

Мемлекет басшысы жиында сөйлеген сөзінде әлем технологиялық трансформацияның мүлдем жаңа кезеңіне қадам басқанына назар аударды. Президенттің...