Түркістан: халықаралық сарапшылар тобы өкілдерімен кездесу өтті

Түркістан: халықаралық сарапшылар тобы өкілдерімен кездесу өтті

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов ЮНЕСКО-ның тарихи-мәдени мұраны қорғау бойынша халықаралық сарапшылар тобының өкілдерімен кездесті. Белгілі археолог Дмитрий Воякин бастаған сарапшылармен маңызды мәселелерді талқылады, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.
Кездесу барысында «Әзірет Сұлтан» қорық-музейі аумағын абаттандыру және археологиялық саябақ жобасының ЮНЕСКО-ның қорғауындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне әсерін бағалау жобасын жүзеге асыру жолдары қаралды. Сонымен қатар жоспарланған жұмыстарды ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра комитетімен келісу қажеттілігі айтылды.
Сарапшылар қазіргі таңда осы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Зұлпыхар Сансызбайұлы халықаралық сарапшыларға атқарған жұмыстары мен ынтымақтастығы үшін алғыс білдіріп, Қазақстанның мәдени мұраны сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерін қатаң сақтайтынын және осы бағытта жүйелі жұмыс жүргізетінін жеткізді.
Айта кетейік, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген. Кесенені қорғау мемлекеттің қатаң бақылауында тұр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

– Есепсіз немесе көзге көрінбейтін дүниені басқару қиын. Сондықтан Үкімет көп созбай, ведомстволар деңгейіндегі жағдайға базалық есеп жүргізетін...

Мемлекет басшысы жиында сөйлеген сөзінде әлем технологиялық трансформацияның мүлдем жаңа кезеңіне қадам басқанына назар аударды. Президенттің...