Түркістан облысындағы 3 кәсіби театрда 400-ден аса қойылым сахналанған

Түркістан облысындағы 3 кәсіби театрда 400-ден аса қойылым сахналанған

Түркістан облысындағы 3 кәсіби театрда 2024 жылы 436 спектакль қойылып, 60 мыңнан астам көрермен қойылымдарға куә болған. Сондай-ақ, 18 жаңа шығарма театрсүйер қауым назарына ұсынылған, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Өңірде өзіндік өрнегін қалыптастырып үлгерген ұжымдар өткен жылы түрлі жетістіктерге жетіп, бірқатар белестерді бағындырған. Мәселен, Түркістан музыкалық драма театрының «Келіндер көтерілісі» қойылымы «Kazakhstan Ticketon Awards-2024» байқауында «Жылдың ең үздік аймақтық қойылымы» номинациясына ие болды. Ал, Р. Сейтметов атындағы Түркістан қалалық сазды драма театры Көкшетау қаласында өткен С.Жүнісовтың 90 жылдық мерейтойы аясында «Сәлем» ІІ Халықаралық комедиялық фестиваліне қатысып, арнайы жүлдемен марапатталды. Сондай-ақ, Түркістан музыкалық драма театрының «ФАРИЗА» қойылымы «ТЕАТР ALL» ІІІ Халықаралық театр фестивалінде үздік атанды.

Биыл театрлар облыстың мәдениетін, атын таныту және насихаттау мақсатында көршілес елдердің қазақ ұлты көп шоғырланған өңірлерінде гастрольдік сапарлар жоспарлап отыр. Сонымен қатар, облыстағы шалғай аудандарда да өнер көрсету дәстүрі жалғасады. Материалдық техникалық базаны нығайту, жаңа қойылымдарды сахналау мақсатында да ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Соның бірі, жаңадан құрылған «Түркістан» ансамбліне қажетті музыкалық аспаптардың алынуы болып отыр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...