Шымкентте сыбайлас жемқорлыққа қарсы адалдық сағаты өтті

Шымкентте сыбайлас жемқорлыққа қарсы адалдық сағаты өтті

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бастамасымен М.Әуезов атындағы ОҚУ және Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенттеріне адалдық сағаты өткізілді, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Студенттерді, оқытушыларды, мемлекеттік қызметшілерді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлерді біріктірген іс-шарада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңызды аспектілері, академиялық адалдық және адал еңбектің маңыздылығы талқыланды.

Сөз сөйлеу барысында қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері қатысушыларды жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңашылықтармен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларымен және Агенттікпен іске қосылған жобалармен таныстырды.

Кездесуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлікке және органға жұмысқа орналасу мүмкіндіктеріне, мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа пилоттық жобасына ерекше назар аударылды.

Жастармен кері байланыс орнату мақсатында осы тұрғыдағы іс-шараларды үнемі өткізу жоспарлануда.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...