Былтыр ауылдарды дамытуға тартылған инвестиция көлемі 8 трлн теңгеге жуықтады

Былтыр ауылдарды дамытуға тартылған инвестиция көлемі 8 трлн теңгеге жуықтады

Елімізде ауылдық аймақтарды дамыту үшін Үкімет тарапынан бірқатар шара қолға алынды. 2025 жылғы деректерге сәйкес республикада 6179 елді мекен бар, мұнда 7 жарым млн халық өмір сүріп жатыр. Былтыр ауылдық жерлерде негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі 7,9 трлн теңгені құрады. Ауыл шаруашылығы саласында бір жұмысшыға шаққанда еңбек өңімділігі соңғы бес жылда 2 есеге өсіп, 4,2 млн теңгеге жетті. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков ОКҚ брифингінде хабарлады, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

– Есепсіз немесе көзге көрінбейтін дүниені басқару қиын. Сондықтан Үкімет көп созбай, ведомстволар деңгейіндегі жағдайға базалық есеп жүргізетін...

Мемлекет басшысы жиында сөйлеген сөзінде әлем технологиялық трансформацияның мүлдем жаңа кезеңіне қадам басқанына назар аударды. Президенттің...