«Жер сағаты»: Астанада 50-ге жуық нысан жарықты өшірді

«Жер сағаты»: Астанада 50-ге жуық нысан жарықты өшірді

22 наурыз күні дүние жүзіндегі мыңдаған ғимараттар мен сәулет нысандарындағы жарық бір сағатқа сөндірілді. Бұл акцияны елордадағы 50-ге жуық нысан қолдады, деп хабарлайды No-comment.kz - Астана қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.

Бүгін 20:30-21:30 аралығында «Жер сағаты» халықаралық экологиялық акциясы өтті. Осы уақыт аралығында әлемнің әртүрлі сәулет нысандары мен ғимараттарында жарық бір сағатқа өшірілді.

«Жер сағаты» — Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) қамқорлығымен өтетін жыл сайынғы халықаралық шара, оған әлемнің түкпір-түкпірінен 2 миллиардтан астам адам қатысады. Бұл әртүрлі елдердің миллиондаған адамдары 1 сағатқа шамдары мен электр құралдарын сөндіретін, ал әлем бойынша мыңдаған сәулет ескерткіштері жарықты өшіретін уақыт.

2025 жылы Қазақстанда «Жер сағаты» еліміздің табиғатын сақтау мәселесіне арналған.

22 наурызда Астанада 50-ге жуық нысан жарықты бір уақытта өшіріп, акцияны қолдады:

1. Астана қаласының әкімдігі (Бейбітшілік көшесі, 11);
2. Астана қаласы Сарыарқа ауданының әкімдігі (Сарыарқа даңғылы, 13);
3. Әкімшілік ғимарат (Бейбітшілік көшесі, 9);
4. Мемлекеттік басқару академиясының әкімшілік ғимараты (Абай даңғылы, 33а);
5. Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония (Кенесары көш. 32);
6. М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайы (Мәмбетов к-сі, 1);
7. «Гранд Алатау» тұрғын үй кешені (Желтоқсан к-сі 2,2/1,2/2,2/3);
8. Есіл өзенінің жағалауындағы тұрғын үй (Мәмбетов көшесі, 2);
9. Есіл өзенінің жағалауындағы тұрғын үй (Мәмбетов көшесі, 2/1);
10. Есіл өзенінің жағалауындағы тұрғын үй (Мәмбетов көшесі, 4);
11. Есіл өзенінің жағалауындағы тұрғын үй (Мәмбетов көшесі, 6);
12. Есіл өзенінің жағалауындағы тұрғын үй (Мәмбетов көшесі, 8/1);
13. Есіл өзенінің жағалауындағы тұрғын үй (Мәмбетов көшесі, 8/2);
14. Есіл өзенінің жағалауындағы тұрғын үй (Мәмбетов көшесі, 10);
15. Есіл өзенінің жағалауындағы тұрғын үй (Мәмбетов көшесі, 16);
16. Тұрғын үй (Республика даңғылы, 3/2);
17. Тұрғын үй (Республика даңғылы, 5/2);
18. Тұрғын үй (Самал 8 ықшам ауданы);
19. Тұрғын үй (Самал шағын ауданы, 9);
20. Тұрғын үй (Самал шағын ауданы, 10);
21. «Арман» тұрғын үй кешені (Жеңіс даңғылы, 1);
22. «Престиж» тұрғын үй кешені (Желтоқсан к-сі, 1);
23. «Radisson Hotel Astana» (Сарыарқа даңғылы, 4);
24. «Riverside Apartments» тұрғын үй кешені (Сарыарқа даңғылы, 8);
25. «Park Inn by Radisson» қонақ үйі (Сарыарқа даңғылы, 8а);
26. «Симфония» тұрғын үй кешені (Сарыарқа даңғылы, 1);
27. «Болашақ» тұрғын үй кешені (Сарыарқа даңғылы, 3);
28. «Сана» тұрғын үй кешені (Шевченко к. 8);
29. «Эдель» тұрғын үй кешені (Сарыарқа даңғылы, 5);
30. «Кенесары» тұрғын үй кешені (Сарыарқа даңғылы, 11);
31. Әкімшілік ғимарат (Абай даңғылы, 13);
32. Тұрғын үй (Сарыарқа даңғылы, 17);
33. «Шаңырақ» жатақханасы (Сарыарқа даңғылы, 42, 44);
34. «Свечки» тұрғын үй кешені (Бөгенбай батыр даңғылы, 28, 30);
35. Тұрғын үй (Республика даңғылы, 1);
36. Тұрғын үй (Республика даңғылы, 3);
37. Тұрғын үй (Республика даңғылы, 5);
38. Тұрғын үй (Республика даңғылы, 7);
39. Тұрғын үй (Республика даңғылы, 9);
40. Тұрғын үй (Республика даңғылы, 11);
41. Тұрғын үй (Республика даңғылы, 13);
42. Тұрғын үй (Республика даңғылы, 21);
43. Тұрғын үй (Республика даңғылы, 23);
44. Тұрғын үйлер (Республика даңғылы, 23, 23/1);
45. Тұрғын үй (Республика даңғылы, 25);
46. ​​Тұрғын үй (Республика даңғылы, 27);
47. Тұрғын үй (Республика даңғылы, 29).


Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

– Есепсіз немесе көзге көрінбейтін дүниені басқару қиын. Сондықтан Үкімет көп созбай, ведомстволар деңгейіндегі жағдайға базалық есеп жүргізетін...

Мемлекет басшысы жиында сөйлеген сөзінде әлем технологиялық трансформацияның мүлдем жаңа кезеңіне қадам басқанына назар аударды. Президенттің...