Әйтенов Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайрық құрылысымен танысты

Әйтенов Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайрық құрылысымен танысты

Шымкент қаласында Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайрық құрылысы қарқынды жүргізілуде. Қала әкімі Мұрат Әйтенов шаhардағы маңызды жолайрық құрылысында болып, жұмыс сапасын бақылады, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Нысан құрылысына жауапты мердігер - «Bazis Construction» ЖШС. Жолайрықтың жалпы ұзындығы Д.Қонаев даңғылы бойынша - 1 030 м, ал Т.Рысқұлов көшесі бойынша - 684,7 м. Жолдың ені - 45 метр.

Бүгінде инженерлік жұмыстар толығымен аяқталған. Бүгінде жер асты өткелінің жер жұмыстары, қада құю, тіреу қабырғаларын құю және Рысқұлов көшесінің Қонаев даңғылынан Байтұрсынов көшесіне дейінгі аралықта жол бөлігінің жұмыстары жүргізілуде.

Қонаев даңғылын тоннель арқылы көліктердің қозғалысы мен Рысқұлов көшесін көпірдің құрылысымен бірге көлік қозғалысы үшін қараша айында ашу жоспарлануда.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен ағымдағы жылғы 26 маусымда Инвестициялар тарту жөніндегі кеңес отырысының...

Онлайн форматта өткен Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Кеңесінің кезекті отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі...

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Павлодар облысына жасаған жұмыс сапарының екінші күні қаладағы кварталішілік жылу желілерін қайта жаңғырту...

«Әділет» партиясында «Жаңа мәдениет және ұлттың қалыптасуы» тақырыбында стратегиялық сессия өтті. Ғылым, білім беру, креативті индустрия, экология...