Наурызнама: Түркістандағы «Фараб» кітапханасында «Ұлттық киім – ұлттық бренд» сән көрсетілімі өтті

Наурызнама: Түркістандағы «Фараб» кітапханасында «Ұлттық киім – ұлттық бренд» сән көрсетілімі өтті

«Наурызнама» онкүндігі аясында 18 наурыз – Ұлттық киім күні. Осыған орай Түркістандағы «Фараб» кітапханасында «Ұлттық киім – ұлттық бренд» атты ерекше мерекелік шара өтті, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.
Сән әлеміндегі ұлттық нақыш пен заманауи үлгіні тоғыстыратын «Ұлттық киім – ұлттық бренд» сән көрсетіліміне «Алтын Models» модельдік агенттігінің арулары, сондай-ақ «Бикеш Этно» және «Айлин ательер» сән үйлері қатысты. Сондай-ақ шараға «Құрмет» орденінің иегері, тарих ғылымдарының кандидаты, Түркістан қаласының Құрметті азаматы Баян Адырбекова және журналист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Роза Нарымбетова, Түркістан қалалық «Жастар орталығының» басшысы Айдар Лескенов қатысып, Ұлттық киім күнінің маңызына тоқталды.
Өзбекәлі Жәнібектің немересіне арнап тіккен ұлттық киімі келушілердің назарын бірден өзіне қаратты. Кеш соңында кітапхана директоры сөз алып, мерекелік кешке қатысқан сән үйлеріне және модельдік агенттікке алғыс білдірді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

– Есепсіз немесе көзге көрінбейтін дүниені басқару қиын. Сондықтан Үкімет көп созбай, ведомстволар деңгейіндегі жағдайға базалық есеп жүргізетін...

Мемлекет басшысы жиында сөйлеген сөзінде әлем технологиялық трансформацияның мүлдем жаңа кезеңіне қадам басқанына назар аударды. Президенттің...