Рамазан айында қайырымдылық шарасы өтті

Рамазан айында қайырымдылық шарасы өтті

«AMANAT» партиясының фракция мүшесінің ұйытқы болуымен қасиетті Рамазан айында Еңбекші ауданындағы 550 мұқтаж отбасыға азық-түлік үлестірілді, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Айта кетерлігі, азық-түлік себеттері аудандағы тұрмысы төмен отбасыларға тізім бойынша берілді. Қорапша ішіне ұн, май, макарон, күріш, шай сынды қажетті өнімдер салынған.

Жыл сайын көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен, жалғызбасты аналарға және көмекке мұқтаж отбасыларға, қарттарға азық-түлік пен өзге де материалдық көмек көрсету ұйымдастырылады. Бұл үрдіс алдағы уақытта да жалғасын табады.

Іс-шараға «AMANAT» партиясының белсенділері, аудан әкімі, аудан тұрғындары, аумақ басшылары мен билер қатысты.

Шараға келген аудан тұрғындары жасалып жатқан игі істер үшін шынайы ризашылықтарын білдірді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

– Есепсіз немесе көзге көрінбейтін дүниені басқару қиын. Сондықтан Үкімет көп созбай, ведомстволар деңгейіндегі жағдайға базалық есеп жүргізетін...

Мемлекет басшысы жиында сөйлеген сөзінде әлем технологиялық трансформацияның мүлдем жаңа кезеңіне қадам басқанына назар аударды. Президенттің...