Туылған сәтте жүрегі тоқтап қалған: дәрігерлер ауыр жағдайдағы сәбиді аман алып қалды

Туылған сәтте жүрегі тоқтап қалған: дәрігерлер ауыр жағдайдағы сәбиді аман алып қалды

Шымкент қалалық перинаталды орталықтың тәжірибелі дәрігерлері ауыр жағдайда өмірге келген сәбиді аман сақтап қалды. Нәрестенің анасы, Шымкент қаласының тұрғыны Айман Сарыбаева "Плацентаның мерзімінен бұрын ажырап кетуі" диагнозымен орталыққа ауыр жағдайда жеткізілген. Шұғыл түрде әрекет еткен дәрігерлер, әйелді кесарь тілігі жолымен босандырып алды, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Бірақ туылған кезде нәрестенің жағдайы қиындап, жүрегі соқпай қалған. Дер кезінде әрекетке көшкен неонатолог — дәрігерлер жедел түрде сәбиге алғашқы көмек көрсетіп, аман алып қалды.

Қазір бала мен оның анасының жағдайы жақсы. Сәбидің денсаулығы жақсарғаннан соң екеуі де үйге шығарылды.

Нәрестенің анасы, жоғарғы деңгейдегі жұмыс үйлесімін көрсетіп, перзентін ажалдан арашалап қалған дәрігерлерге алғысын білдірді.

Еске сала кетейік, көктемнің алғашқы мерекелерінің бірі 8 наурызда, орталықта 21 бала туылды. Оның 14 ұл бала болса, 7 қыз нәресте.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

– Есепсіз немесе көзге көрінбейтін дүниені басқару қиын. Сондықтан Үкімет көп созбай, ведомстволар деңгейіндегі жағдайға базалық есеп жүргізетін...

Мемлекет басшысы жиында сөйлеген сөзінде әлем технологиялық трансформацияның мүлдем жаңа кезеңіне қадам басқанына назар аударды. Президенттің...