Амал мерекесі - береке мен ынтымақтың бастауы

Амал мерекесі - береке мен ынтымақтың бастауы

Наурыз мейрамының бастауы көрісуден басталады. Бұл кез - адамдардың бір-бірімен, жылдың жылмен көрісіп, қауышқан шағы. Пенденің аузы аққа, мал аузы көкке тиген шақ.
Хакім Абай айтқандай «Қырдағы ел, ойдағы елмен араласып, Күлімдесіп, көрісіп, мауқын басып», өткен қыстан, жылдан аман-есен шықтық, жаңа жылға, табиғаттың жап-жасыл түске бөленіп, жасарар шағы – көктемге жеттік дегенді білдіру.
Сондай-ақ, бұл күні ел бір-бірінің үйіне барып, өкпе-реніштерін ұмытып, бір-біріне жақсылық тілеп жатады. «Бір жасың құтты болсын!», «Амал мерекесі құтты болсын!» деп құттықтасады. Бұл күні ең алдымен әулеттің үлкендеріне барып, сәлем беріп көрісіп, кәде-сый жасап, көңілдерін аулап, жаңа жылдың келуін қуанышпен бөліседі.
Ендеше, береке мен бірліктің, ынтымақтың бастауы болған «Көрісу күні – Амал мерекесі» құтты болсын!

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

– Есепсіз немесе көзге көрінбейтін дүниені басқару қиын. Сондықтан Үкімет көп созбай, ведомстволар деңгейіндегі жағдайға базалық есеп жүргізетін...

Мемлекет басшысы жиында сөйлеген сөзінде әлем технологиялық трансформацияның мүлдем жаңа кезеңіне қадам басқанына назар аударды. Президенттің...